Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін алынатын төлем Бюджет кодексіне сәйкес арнайы түсімдер санатына жатады. Осыған байланысты заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.
— Салық есептілігінің 870.00 декларациясы бойынша төлемдерді бөлуге қатысты тиісті жаңартулар 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді. Осыған орай, төлемдердің бюджетке дұрыс және уақтылы есептелуі үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдер 401101 бюджеттік сыныптама коды бойынша жүзеге асырылуы қажет, — деп ескертті комитет.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қарызы ең көп 6 компания анықталды.