Экологиялық ағарту мен табиғатты қорғау қағидаттары жаңа Конституция жобасында нақты бекітілген министр

04.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

— Оқу-ағарту министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында кешенді әрі жүйелі жұмысты жүзеге асыруда. Аталған бағыттардың бірі — экологиялық білім туралы стандарт әзірлеу. Оның негізгі мақсаты — білім мазмұнында экология тақырыбын жүйелі әрі терең енгізу. Баршаңызға белгілі Конституциялық реформалар аясында жаңа Конституция жобасында табиғатты қорғау нормалары айқын бекітілген. Бұл азаматтар мен мемлекет арасындағы экологиялық жауапкершілікті күшейтетін негізгі құқықтық негіз болып саналады, — деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы үш идеяның негізінде жүзеге асырылуда.

Олардың біріншісі еңбек адамы, екіншісі «Заң мен тәртіп» идеясы, үшіншісі «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық жобасының аясында.

Бұндағы негізгі мақсат — оқушылар мен жасөспірімдердің бойында экологиялық сананы қалыптастыру.

Сонымен қатар табиғатқа жауапкершілікпен қарауды жалпы өмірлік құндылық ретінде бекітуді, орнықтыруды көздейді.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс Жаңа Конституция жобасын талқылайтынын жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью