Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті

25.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі экологиялық биоинженерияның аспектілері мен инновациялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. Онда экологиялық биоинженерияның даму мүмкіндігі сөз болды. Осыған орай университет базасындағы «AlgaBioTech» ғылыми зерттеу орталығының директоры, академик Болатхан ЗАЯДАНМЕН экологиялық инженерияның болашағы туралы әңгімелестік.

– Болатхан Қазыханұлы, сіздің бастамаңызбен эко­логиялық биоинженерия, альгобиотехнологияда жасанды интеллектіге қатысты алғашқы жобалар іске аса бастады. Оның ғылымдағы нәтижесі қандай?

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздің Еуразия құрлығында цифр­лық хабқа айналу мүмкіндігі жо­ғары екенін атап өткен еді. Соған байланысты жасанды интеллект технологиясын қарқынды енгізу биоинженерлік шешімдердің мүмкіндігін едәуір кеңейтіп отыр. Сондай-ақ биоремедиация, биоөнім өндіру мен экологиялық мониторингтің тиімділігін арттырады. Жал­пы, экологиялық биоинженерия – қоршаған ортаның ластануы мен климаттық қауіптер және тұрақты даму секілді заманауи сын-қатерлерге жауап беретін ғылыми бағыттың бірі. Инновациялық тәсілдерді қалыптастыруда пәнаралық өзара ықпалдастықтың ма­ңызы зор. Бұл экологиялық қауіпсіздік пен циркулярлық биоэкономиканы дамытуға бағытталған жаңа шешім­дердің пайда болуына жол ашады.

– Жиынға шетелден де ғалымдар қатысты. Осы бірлескен жобалар ая­сындағы шетел тәжіри­бесіне де тоқталып өтсеңіз?

– Қазір көптеген дамыған ел экологияны жақсарту үшін табиғи көздерден пайдалы заттарды бөліп алу технологиясын өндірістік деңгейде дамытып отыр. Айталық, экологиялық инженерия Америка, Еуропа елдерінде алға жылжып барады. Олар микробалдырларды өсіре отырып, экологиялық таза отын алады. Биологиялық энергияның сарқылмайтын қайнар көзін тапты. Әлем сутегі энергиясына қол жеткізгісі келеді. Біз де өз елімізде ұрпаққа пайдалы энергия көзін алу бағытында жұмыс істеуіміз қажет. Осы ғылыми іс-шарада Токио ғылым университетінің профессоры, Фотосинтез зерттеу лабораториясының же­текшісі, доктор Тацуя Томо, Тяньцзинь биотехнология институтының профессоры, доктор Чжиюн Хуан, Чехия Микробиология инс­титуты, «Algatech» орталығы, Балдыр биотехнологиясы лабораториясының мең­герушісі Йиржи Масойидек, басқа да белгілі ғалымдардың өз тәжірибелерімен бөлісуі салада жаңа жобалардың іске асуына мүмкіндік береді.

– Бүгінде қандай бағытта зерттеу жүргізіліп жатыр?

– Биотехнология кафедрасында ширек ғасырдан бері фототрофты микроорганизмдер, су экожүйелерін биоремедиациялаумен қа­тар өте маңызды ғылыми зерттеулер іске асып жатыр. Микробалдырлар мен циа­но­бактериялардың молекулярлы-генетикалық таксономиясы зерттелді. Осы салада биотехнологиялық маңызға ие ғылыми мектеп қалыптасты. Қазір ғалымдар төрт бағыттағы жобаны қолға алды. Оның біріншісі – фототрофты микроорганизмдерді пайдалана отырып, қор­шаған ортаға биомониторинг жүргізу, қалпына кел­тірумен байланысты болса, екіншісі – фототрофты микроорганизмдерді пайдалана отырып, медицинада денсаулыққа пайдалы тағамдық қоспалар, медициналық препараттар шығаруға маңызды штамдарды бөліп алуға арналған. Үшіншісі – сарқылмайтын энергия көздерін, атап ай­қанда, сутегі энергиясын, биодизельді басқа да энергия түрлерін алу бағытындағы зерттеулер. Төртіншісі – штамдардың генофондын сақтау мақсатында олардың ірі коллекциясын құру бойын­ша жұмыс жүзеге асып жатыр.

– Фототрофты микроорганизмдерден қандай өнім алуға болады?

– Фототрофты микроорганизмдер – биологиялық тұрғыдан алуан түрлі ірі топқа жатады. Басқа микробтардан айырмашылығы патогендік қасиеті жоқ. Күн сәулесін энергия көзі ретінде пайдаланып, минералды заттарды сіңіру арқылы органикалық қосылыстарды синтездейді. Табиғаттан адам өміріне маңызды, биологиялық бел­сенді заттар синтездейтін, сондай-ақ биоотын өндіруге қабілетті штамдар бөлініп алынады. Табиғи өсіп тұрған микробалдырларды бөліп алып, бірнеше селекция­дан кейін өндіріске пайдаланамыз. Ғалымдарымыз «сhroococcales» қатарына жататын цианобактерия штамын Балқаш көлінен бөліп алып, бірнеше селек­циялық іріктеу жүргізіп, биотехнологиялық әлеуетін растады. Аталған штамм құрамында өсімдікте, жануарда кездеспейтін маңызды антиоксидантты заттар, окси­генді фотосинтез үшін пигменттер анықталды. Штамм биомассасының биохимиялық талдауы оның құрамында шамамен 56 пайыз ақуыз, липид, көмірсу, аминқышқылы, май қышқылы бар екенін көрсетті. Биомасса құра­мын­дағы пигменттерден бөліп алып, биологиялық бел­сенділігі зертханалық жағ­дайда бағаланды. Алын­ған нәтижелер бұл қо­сы­лыс­тардың диабеттің алдын алуда және ерте кезеңдерінде емдік әлеуетке ие екенін көр­сетті. Қазіргі уақытта штамм негізіндегі өнімді клиникалық сынақтан өткізу көзделіп отыр.

– Микроорганизмдерді зерттеу технологиясы қан­шалықты жолға қойылған?

– Ел ғалымдары үшін бір клеткалы организмді өсіру технологиясы «ноу-хау». Тірі организммен жұмыс істеу, көп клеткалы балдырларды өсіру өте күрделі. Экологиялық мәселелерді шешіп, адамзат үшін пайдалы жобаларды іске асырып отырған зертханамызға мемлекет тарапынан қол­дау болып жатса, институт деңгейіне өркендетуге әлеуетіміз жетеді. Өйткені қазірдің өзінде экологиялық мәселелерді шешуге бағыт­талған ауқымды жобалар бар. Бағдарламалы-нысаналы жобаларымыз қолдау тапса, фотобиотехнология, альгобиотехнология сияқты үлкен ғылыми бағыттар өркендейді.

– Салада мамандар жет­кілікті ме?

– Бүгінде «экологиялық биоинженерия» саласында жоғары деңгейлі мамандарды даярлау ісі жолға қойылған. Қазір осы бағытта он шақты ғылыми гранттық жоба іске асып жатыр. Сондай-ақ осы сала бойынша магистранттар мен докторанттар даярлану үстінде. Әсіресе біз жоғары білім сапасын арттырып, ғылым мен өндіріске қабілетті мамандар даярлауға басымдық беріп отырмыз.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Елорда • Бүгін, 02:45

Ғылым қалашығында қоныс той

Қоғам • Кеше

Жалпыұлттық коалиция Қарағанды облысында бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елдімекендердің ертеңгі тағдыры қандай?

Аймақтар • Кеше

Яна Легкодимова ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Қоғам • Кеше

«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында орындықтарды алып тастап адам тасыған автобус анықталды

Аймақтар • Кеше

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды

Аймақтар • Кеше

Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды

Қоғам • Кеше

Еңбек ұжымдарынан зиялы қауымға дейін: Қарағанды облысында Конституция жобасы бойынша ашық диалог өтті

Ата заң • Кеше

Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды

Қоғам • Кеше

25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз

Салық • Кеше

Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады

Футбол • Кеше

Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Қазақстан • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью