Экологиялық мәдениет маңызды міндет

17.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Абай облысы Ақсуат ауылында «Таза бейсенбі» акциясы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы стадион маңын­дағы саябақта өтті. Тазалық жұмысына 100-ге жуық партия мүшесі қатысып, арнайы техниканың көмегімен аумақты қардан тазартты.

«Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – аса маңызды міндет. Мұндай акциялар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», – деді аумақтық партия фили­алының атқарушы хатшысы Тілеуқабыл Көнекбаев. Шымкент қаласында кезекті тазалық акциясы әл-Фараби ауданының Ордабасы алаңы маңындағы Қошқар-ата өзенінің жағалауында ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық және аудандық партия филиалының қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және коммун­алдық қызмет өкілдері қатысты. Жаң­бырлы ауа райына қарамастан, қатысу­шылар жаяу жүргіншілер жиі қа­ты­най­­тын жолдарды тазалап, жағалау аума­ғын ретке келтірді. Жоба іске асырылған екі жылға жуық уақыт іш­інде Шымкентте 100-ге жуық экология­лық іс-шарасы ұйымдасты­рылып, шамамен 90 тонна қоқыс шығарылды. Акцияға 5 мыңға жуық қала тұрғыны қатысқан.

Ал Шығыс Қазақстан облысы Алма­сай ауылының тұрғындары қоғам­дық орындар мен көшелерді ретке келтіріп, тұрмыстық қалдықтарды жинады.

«Тазалық – әр азаматтың жауап­кершілігі. Осындай акция арқылы біз табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Бірлескен іс-шаралар ауылымызды көркейтіп, бірлігімізді нығайтады», – деп атап өтті акция қатысушысы Марғұлан Болатұлы.

Жамбыл облысында тазалық акциясы Мойынқұм ауданына қарасты Жамбыл ауылының аумағында өтті. Қатысушылар Ж.Қуанышбаев көшесінің бойындағы қоқыстарды жинап, қар тазалады. Осылайша, жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. Акцияға «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және «Жамбыл» бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. 

Жастар қанатының белсендісі Мәди Күнтудың айтуынша, тазалық – әр адам­ның мәдениеті мен жауапкер­шілігінің көрсеткіші.

Сонымен қатар Павлодар облысында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері тазалық жұмысын «Арда­герлерді ардақтайық» жобасы аясында іске асырды. Олар жалғызілікті зей­неткерлерге көмек көрсетіп, үй аула­сын қардан тазалады, үй ішін жинауға және ас дайындауға жәрдем­десті. Ұйымдастырушылардың айту­ын­ша, мұндай бастамалар ұрпақтар сабақтас­тығын нығайтып, жастардың бойында құрмет, қамқорлық және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалып­тастырады.

Ақмола облысында «Таза бейсенбі» жобасы шеңберінде Целиноград ауданының Қараменді батыр ауыл­ындағы мектеп ұжымы мен оқушылары тұрғындарға тұрақты түрде көмек көр­сетіп келеді. Жуырда оқушылар қарт тұрғынның ауласын қардан таза­лауға көмектесті. Жұмысты үлкен жауап­кершілікпен атқарған оқушыларға қария ризашылығын білдірді. Бұл бастама жас буынның бойында үлкенге құрмет, ізгілік және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ Қызылорда облысының Жаңақорған кентіндегі «Көшпелі базар» аумағында да тазалық акциясы ұйымдастырылды. Партия филиалының қызметкерлері, жастар қанатының белсенділері және коммуналдық қызмет өкілдері жаяу жүргіншілер көп жүретін жолдарды қардан тазалады.

Экологиялық акция тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалып­тастыру және экологиялық жауапкер­шілікті арттыруға бағытталған жүйелі бастама ретінде алдағы уақытта да жалғасады.

Елнар ЕЛТАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью