Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда ІЖӨ жоғары қарқынмен өскенмен, халықтың нақты табысы неге төмен екендігін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, ІЖӨ-нің халық табысына әсері бірден байқалмайды. Әзіресе, шикізат есебінен қалыптасатын салаларда бұл процесс ұзаққа созылады.
«Мұндағы басты мәселе экономиканың құрылымына байланысты. Егер экономикалық өсім капиталды көп қажет ететін немесе шикізат салалары есебінен қалыптасса, оның халық табысына ықпалы уақыт өте келе (белгілі бір кезеңнен кейін) ғана байқалады. Ал құрылыс, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы сияқты еңбек ресурстарына негізделген салалар дамыған тұста, бұл әсер халыққа әлдеқайда жылдам сезіледі», деді С.Жұманғарин.
Министр тағы бір себеп ретінде экономикадағы тұтыну деңгейі тауарлар мен қызметтер ұсынысына қарағанда жылдамырақ өсіп жатқандығын атап өтті. Яғни, өндіріс көлемі халық сұранысына үнемі ілесе бермейді.
«Басқаша айтқанда, өндіріс көлемі сұраныстың арту қарқынына әрдайым ілесе бермейді, бұл бағаға қосымша қысым тудырады. Белгілі бір деңгейде бұл – өсіп келе жатқан экономика үшін табиғи құбылыс, өйткені қысқа мерзім ішінде өндіріс көлемін күрт арттыру мүмкін емес», деді министр.
Серік Жұманғарин тағы бір мысал ретінде «орта табыс тұзағын» атады. Бұл дегеніміз ел белгілі бір деңгейге дейін дамиды, бірақ одан әрі тез секіріп өте алмайды. Себебі бұрын көмектескен мұнай секілді салалар әлсірей бастайды, ал жаңа бағыттар әлі толық дамып үлгермейді. Сонымен қатар министр сыртқы факторлардың әсерін де ескерген жөн екендігін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Серік Жұманғарин мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асатындығын атап өткен еді.
Соңғы жаңалықтар
1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:03
Елімізде 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша вакцина салынады
Денсаулық • Бүгін, 16:55
Президент: Жасанды интеллект жойқын ақпараттық қаруға айналды
Президент • Бүгін, 16:50
Мемлекет басшысы: Транскаспий бағытының дамуы қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты
Президент • Бүгін, 16:42
Моуриньо корольдік клубқа қайта оралады: «Реал» екі жылдық келісімшарт ұсынды
Футбол • Бүгін, 16:30
Президент «Орталық Азия – Қытай» елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты негізгі сот процесі 28 мамырға белгіленді
Оқиға • Бүгін, 16:21
Шығыстың радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 16:10
Батыс Қазақстанда полицей мен нотариус заңсыз көлік тіркеумен айналысқан
Аймақтар • Бүгін, 16:04
Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Сәрсемалиев ісі: Прокурор қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді
Оқиға • Бүгін, 15:48
Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке қатысты сот процесі өтіп жатыр
Саясат • Бүгін, 15:38
Түркі мемлекеттері ұйымы 2027 жылы бірлескен жасанды жер серігін ұшырады
Қоғам • Бүгін, 15:10
«Өлім жазасына дайынмын»: Сұлтан Сәрсемәлиев қайын жұртын не үшін өлтіргенін айтты
Оқиға • Бүгін, 15:00
«Бір белдеу – бір жол»: Әуезов университетінде Қытай орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:55