Экономикалық әріптестік нығая береді

11.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Премьер-министр Олжас Бектенов Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джули Стаффтпен сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект, сондай-ақ ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының қорытындысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет бас­шы­сының былтыр қараша айын­дағы Вашингтонға сапары елдер арасындағы эконо­микалық әріптестіктің ауқымын айқын көрсеткенін атап өтті. Жалпы сомасы 17 млрд доллар болатын қол қойылған 29 келісім экономикалық байланыстардың кеңеюіне елеулі серпін берді. Қазақ­стан Үкіметі қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға басымдық береді.

«Қазақстан-Америка ын­ты­мақтастығы бүгінде қар­қынды дамып келеді. Оның негізінде стратегиялық көз­қарасы біздің бірлескен жұ­мысымызға практикалық сипат беретін мемлекеттеріміздің көшбасшылары арасындағы берік қарым-қатынас жатыр. Біз жоғары саяси деңгейдегі тығыз диалог екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс-тарды тереңдету үшін одан әрі қолайлы жағдай туғызады деп сенеміз», деді О.Бектенов.

Өз кезегінде АҚШ елшісі де өзара ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

«Біздің елдер арасында бұрын-соңды болмаған қаты­нас қалыптасты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейбітші­лік кеңесі және Ибраһим келі­сімдері жөніндегі бастамасына қатысты нақты ұстанымын білдірді. Мұның барлығы да – тарихи әрі серпінді бастамалар. Қолдау көрсеткені үшін Америка Құрама Штаттары мен Президент Трамп Қазақстанға алғыс білдіреді», деді Д.Стаффт.

Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 3,19 млрд долларға жетті, ал биыл қаңтар-ақпан айларында 487,4 млн долларды құрады. Кездесуде АҚШ-тың еліміздің экономикасын­дағы негізгі стратегиялық инвесторлардың бірі ретіндегі маңызы атап өтілді. Қазір елімізде америкалықтардың қатысуымен 600-ден астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Отандық нарық­та «Chevron», «ExxonMobil», «Amazon», «Citi», «Wabtec», «John Deere», «Boeing», «Oracle», «PepsiCo», «Mars» сияқты компаниялардың болуы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін көрсетеді.

Кездесу барысында мем­лекеттік басқару жүйесін одан әрі реформалау мен жаңартуға негіз болған жаңа Конституцияның ережелерін жүзеге асыруға да назар аударылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Ата заңымыз саяси тұрақтылықты нығай­тып, мемлекет пен қоғамның үдемелі дамуы үшін берік негіз құратынын айтты.

Кездесу қорытындысында тараптар сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ басым бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бейілді екенін растады.

Соңғы жаңалықтар

Еркін Әбіл: Қазақстан эволюциялық жаңару жолын таңдады

Қоғам • Кеше

Гранттан баспанаға дейін: Мемлекет жас ғалымдарға қалай қолдау көрсетуде?

Қоғам • Кеше

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Кеше

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды

Елорда • Кеше

Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды

Қоғам • Кеше

Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты

Технология • Кеше

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді

Ғылым • Кеше

«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты

Қоғам • Кеше

Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі

Ғылым • Кеше

Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті

Форум • Кеше

Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?

Қаржы • Кеше

Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды

Аймақтар • Кеше

Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады

Ғылым • Кеше

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью