Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Apple компаниясы жаңа iPhone Duo иелерінің кейбірінде ішкі дисплейге қатысты мәселелер туындағанын мойындады. Компанияның мәліметінше, ақау құрылғылардың аз ғана бөлігінде анықталған, деп хабарлайды Tengri Life 9to5Mac сайтына сілтеме жасап.
Осы мәселеге тап болған қолданушыларға AppleCare қолдау қызметіне жүгіну ұсынылады.
"Біз iPhone Duo құрылғыларының аз ғана бөлігінде ішкі дисплейге қатысты мәселе бар екенін білеміз. Егер қолданушылар мұндай ақауға тап болса, құрылғыны ауыстыру үшін AppleCare қолдау қызметіне хабарласуы қажет", - деп мәлімдеді компания өкілдері.
Apple бұл мәселе аталған модельдегі смартфондардың басым бөлігіне әсер етпегенін атап өтті.
Ақауы бар құрылғыны ауыстыру үшін AppleCare+ жазылымы қажет емес. Егер смартфон мобильді оператордан сатып алынған болса да, ауыстыру мәселесі бойынша тікелей AppleCare қызметіне жүгіну керек.
iPhone Duo экранындағы ақау туралы не белгілі?Ақау туралы алғашқы хабарламалар демалыс күндері Reddit және басқа да онлайн-форумдарда пайда болды. Қолданушылардың айтуынша, смартфонның ішкі экраны ортаңғы бүктелу сызығының бойымен жарылып жатыр.
Мәліметтерге қарағанда, бүктелетін iPhone Duo құрылғылары жаппай істен шығып жатыр, дисплейлер топсаның бүктелу сызығында бұзылып жатыр. Жапония, Қытай, Аустралия және басқа елдердегі сатып алушылар осыған ұқсас мәселені хабарлады. Кейбір жағдайларда дисплей тіпті дүкен сөрелерінде тұрған жерінде істен шыққан. Белгілері бірдей: небәрі бірнеше күн пайдаланғаннан кейін экранда қара сызық пайда болады.
— Play4Index (@Play4Index) October 23, 2026
Бұл мәселені Bloomberg инсайдері Марк Гурман да растады. Оның айтуынша, кейбір иелері құрылғыны сатып алғаннан кейін бірнеше сағат өткенде-ақ зақымдануды байқаған.
"Duo экранының жарылу мәселесі расымен де бар. Apple әзірге дүкен қызметкерлері мен қолдау көрсету мамандарына бұл мәселе бойынша нұсқаулық берген жоқ, бірақ компания терсеу жүргізіп жатыр. Бірнеше адам маған құны 2000 доллар болатын жаңа құрылғыларының сатып алынғаннан кейін санаулы сағаттар ішінде қалай бұзылғаны туралы суреттер мен оқиғаларды жіберді", - деді Марк.
Дисплей неге жарылуы мүмкін?ЖАҢАЛЫҚ: iPhone Duo экранының жарылу мәселесі расталды. Apple әзірге дүкендерге немесе тұтынушыларға қызмет көрсету өкілдеріне нұсқаулық бермеді, бірақ компания зерттеу жүргізуде. Бірнеше адам маған құны 2000 доллар тұратын жаңа құрылғыларының бірнеше сағат ішінде бұзылғаны туралы суреттер мен оқиғаларды жіберді. https://t.co/LeikQ7qDtH
— Mark Gurman (@markgurman) 26 қазан, 2026 жыл
iFixit мамандары ақаудың бірнеше ықтимал себебін атады. Атап айтқанда, смартфонның кейбір ішкі компоненттері дисплейге шамадан тыс қысым түсіруі мүмкін.
Дегенмен, зақымданудың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Apple жарықтардың пайда болуына не себеп болғанын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Осы мәселеге тап болған iPhone Duo иелеріне компания құрылғыны ауыстыру үшін AppleCare қолдау қызметіне хабарласуды ұсынады.
Айта кетейік, қазан басында Қазақстанда iPhone 18 желісіндегі смартфондарды верификациялау қайта басталды. Бұл туралы құрылғы иелері хабарлады. Қазақстанда IMEI верификациясынан қалай өтуге болатынынын осы сілтеме арқылы оқуға болады.
Тағы оқыңыз: Жаңа iPhone-ға алданбау: Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу