Экс депутат Базарбекпен болған ЖКО да зардап шеккен адамның туыстары бейнеүндеу жариялады

18.08.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасына түсті. Осыдагн кейін зардап шеккен ер адамның туыстары бейнеүндеу жариялады. Олардың айтуынша, ер адамның жағдайында аздаған оң өзгерістер бар. Бейнеүндеуде экс-депутаттың өзі де сөйлеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейнежазбада Нұржігіттің туысы оның емін жалғастырып жатқанын хабарлады. Ол көрсетілген көмек үшін медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, қазақстандықтардан ер адамның сауығып кетуі үшін дұға етуді сұрады.

Базарбектің айтуынша, Нұржігіт Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ем қабылдап жатыр. Медициналық көмек көрсетуге реаниматологтар, травматологтар және басқа да мамандар тартылған.

Бұрынғы депутат зардап шеккен азаматтың денсаулығында аздаған оң өзгерістер байқалатынын мәлімдеді. Ол ер адамның жағдайы туралы расталмаған қауесеттер таратпауға шақырып, Нұржігіт сауығып, отбасына оралады деген үмітін білдірді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Бақытжан Базарбектің жарияланымы (@bakytzhan.bazarbek)

Не белгілі?

16 тамызда Telegram-арналардың бірінде Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында болған жол апаты туралы ақпарат пайда болды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында 36 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Сондай-ақ жазбада көлік тізгінінде Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек болғаны айтылды.

Кейінірек Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.

Бақытжан Базарбек не деді?

Осыдан кейін Базарбек оқиғаға қатысты жауап беріп, сотқа дейінгі тергеу аясында өзі мен жұбайы мәліметтерді жария етпеу туралы құжатқа қол қойғанын, сондықтан оқиғаның мән-жайын аша алмайтынын жеткізді.

Базарбектің айтуынша, тергеу амалдары жалғасып жатыр, қажетті сараптамалар жүргізіледі деп күтіледі. Ол тергеу органдары заңға сәйкес жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға беретініне сенім білдірді.

Әлеуметтік желілердегі болжамдар мен пікірлерге қатысты Базарбек асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды. Сонымен қатар экс-депутат "осы қиын күндерде алаңдап, қолдау көрсетіп жатқан баршаға" алғыс айтты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью