Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: istockphoto.com
Ербол Айтуов 4 сәуір күні «Қасиет» клиникасына жүгініп, липосакция операциясын жасатқан. Операциядан кейін ол комаға түсіп, кейін облыстық ауруханаға жеткізілген. Бір айдан соң науқас көз жұмды.
Марқұмның туыстарының өтініші негізінде 29 сәуір мен 15 мамыр аралығында клиникаға жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеруге тәуелсіз сарапшылар ретінде пластикалық хирург пен анестезиолог-реаниматолог тартылған.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаментінің мәліметінше, тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.
«Пациентті жоспарлы операцияға дайындау және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарының бұзылуы анықталды», делінген департамент хабарламасында.
Айта кетейік, аталған оқиғаға байланысты Маңғыстау облысының полициясы да тергеу жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы жеке клиникада липосакциядан кейін блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова да қайтыс болды.