Экс министр Брекешев Kazenergy де Болат Ақшолақовты алмастырды

27.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалғаннан кейін Kazenergy басшысы болып Серікқали Брекешев келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kazenergy мәліметінше, жаңа басшы Серікқали Брекешевтің мұнай-газ саласында және мемлекеттік қызметте көпжылдық тәжірибесі бар.

"Жиынға қатысушылар оның басшылығымен Қауымдастық салалық мүдделерді шоғырландыру, мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты дамыту және Қазақстанның энергетикалық кешенінің позициясын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыратынына сенім білдірді", – деп мәлімдеді компания.

Сондай-ақ қауымдастық Болат Ақшолақовтың Kazenergy-ді 2025 жылдың ақпанынан бастап басқарғанын еске салды.


"Еліміздің жетекші энергетикалық компанияларының басшылары Болат Ақшолақовқа бірлескен жұмысы мен Kazenergy-дің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Олар оның кәсіби тәжірибесі мен саланы терең білуі еліміздің негізгі мұнай өндіруші өңірі – Атырау облысының әкімі лауазымында Қазақстанның мұнай-газ кешенін дамытуға бұдан былай да елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді", – дедеі компания өкілдері.

Серікқали Брекешев туралы не белгілі?

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы коммерциялық құрылымда экономист болып бастаған, кейін Ақтау қаласының салық бөлімінде, "Маңғыстаумұнайгаз" және "Қарақұдықмұнай" компанияларында жұмыс істеді.

Әр жылдары Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, Мұнай және газ министрлігінде қызмет атқарды, сондай-ақ "ҚазТрансГаз" АҚ-да басшылық лауазымдарда болды.

2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, кейін 2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін осы ведомствоның басшысы болды.

2023 жылдың ақпанынан 2025 жылдың сәуіріне дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының газ жобаларын дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Болат Ақшолақов туралы не белгілі

17 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Ол 1971 жылы 9 сәуірде Атырауда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалау" және "Мұнай өндіру экономикасы" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan банкінде экономист болып бастаған. Әр жылдары "Қазақойл" ЖАҚ ҰМК, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да жұмыс істеді, "PSA" ЖШС бас директоры және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ президенті лауазымдарын атқарды.

Болат Ақшолақов бірнеше рет мемлекеттік қызметте болды: Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, Мұнай және газ вице-министрі, сондай-ақ Энергетика вице-министрі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанның Энергетика министрі болды, одан кейін 2025 жылдың ақпанына дейін Президент кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2025 жылғы 14 ақпаннан 17 шілдеге дейін Kazenergy қауымдастығын басқарды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Тоқаев Атырау облысының жаңа әкіміне тапсырма берді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью