Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи жаңа Конституция жобасындағы баптардың біріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи жаңа Конституция жобасындағы баптардың біріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
4 ақпанда Мәжілістің пленарлық отырысында ол Конституция жобасын талқылау мәселесін күн тәртібіне қосуды ұсынды. Депутаттар бұл бастаманы қолдады. Бәпи қоғамда Конституция жобасының 48-бабына тоқталды.
"Мұнда Республика президентінің ар намысы мен қадір-қасиетіне қорғауға қатысты берілетін конституциялық кепілдіктер айтылады. Ал бұл баптың үшінші тармақшасында: "Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады" деген тіркеске орай "бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін" деп, күдік келтірушілер бар", - дейді ол.
Депутаттың сөзінше, әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары.
"Себебі, экс-президент түгілі, бүгінгі "Президенттің отбасы мүшелері мен оның жақын туыстарына мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды" деген талап 2022 жылғы 8 маусымдағы конституциялық заңмен бекіген", - деп қорытындылады ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!