Экспортта қандай тауарлар көш бастап тұр?

25.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі экспортта оң серпін көрсетіп отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, бұл саланың экспорт көлемі 12 пайызға артып, 28 млрд 800 млн АҚШ долларын құрады.

Ал ағымдағы жылдың 10 айындағы көрсеткіш 20,5 млрд доллардан асты. Сауда-саттықта металлургия өнімдері көш бастап тұр. Мәселен, қара металлургияны шетелге жөнелту 11 пайызға жуық өсіп, 4 млн тоннаға жуықтады. Сонымен қатар машина жасау және химия өнеркәсібі де жоғары көрсеткіш көрсетті. Құрылыс материалдарының экспорты өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өскен. Жеңіл өнеркәсіп пен ағаш өңдеу салалары да сыртқы нарықтағы үлестерін нығайтып келеді.

Экспортта қандай тауарлар көш бастап тұр?

Машина жасау өнімдері – 2,25 млрд АҚШ доллары;

Металлургия өнеркәсібі – 11,3 млрд АҚШ доллары (табиғи көлемі 5,8%-ға өсіп, 5 405 мың тоннаға жетті);

Қара металлургия – 3 227 млн АҚШ доллары (табиғи көлемі 10,9%-ға артып, 3 869 мың тонна болды);

Түсті металлургия – 8 099 млн АҚШ доллары;

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері – 159,4 млн АҚШ доллары;

Құрылыс материалдары өнеркәсібінің өнімдері – 223,1 млн АҚШ доллары (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық көрсеткіш 7,5%-ға өсті);

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері – 54,2 млн АҚШ доллары;

Химия өнеркәсібінің өнімдері – 2 098,3 млн АҚШ доллары. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью