Экспресс Займ желісінің басшысына іздеу жарияланды: ол не үшін күдіктелуде

30.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанда "Экспресс Займ" микроқаржы ұйымдары желісінің басшысы Ержан Шәкіровқа іздеу жарияланды. Оның ұйымы елдің 18 өңірінде қарыз алушыларды алдады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА "Экспресс Займ" желісінің иесіне іздеу жариялады

Бағдар Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің порталында пайда болды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 40 жастағы Ержан Шәкіровқа Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) іздеу жариялаған.

Іздеу шараларымен ҚМА-ның Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті айналысады.

Ержан Шәкіровқа іздеу жарияланды. qamqor.gov.kz сайтынан алынған мәліметтер

Ержан Шәкіровпен қандай компаниялар байланысты?

Ашық деректерге сүйенсек, Ержан Шәкіровтың екі бағыттағы бизнесі бар: ЖК және ЖШС.

Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлігі "Жеке кәсіпкер Шәкіров Е.К." деп аталады. Ресми қызмет түрі – меншікті немесе жалға алынған тұрғын жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару.

Kompra.kz деректері бойынша, заңды тұлға ретінде ЖК Қарағандының Қазыбек би ауданында тіркелген.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында көрсетілген туған күні аталған ЖК иесінің туған күнімен сәйкес келеді. Бұл порталдағы мәліметтер Ержан Шәкіровқа қатысты екенін жоғары ықтималдықпен растайды.

Сондай-ақ Шәкіров "Экспресс Займ" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің иесі саналады. Ол Kompra.kz порталында жалғыз құрылтайшы ретінде көрсетілген. Ұйым заңды түрде ЖК тіркелген ауданда: Қарағанды, Қазыбек би ауданы, Степной-2 шағынауданы, 6/2 үй мекенжайы бойынша тіркелген.

Сондай-ақ ашық дереккөздерде аты-жөні сай келетін адам өзін компанияның жалғыз иесі ретінде атаған құжаттар жарияланған.

"Экспресс займ" ЖШС құрылтайшысы туралы мәліметтер

Сонымен қатар сервисте құрылтайшы қылмыстық іздеуде екені көрсетілген.

"Экспресс займ" ЖШС құрылтайшысы туралы мәліметтер. Kompra.kz сервисінен ақпарат

Компанияның табысы кейінгі екі жылда шарықтау шегіне жеткен. Салық аударымдарының динамикасы:

"Экспресс Займ" компаниясының салық аударымдары туралы деректер. Kompra.kz сервисінің графигі

"Экспресс Займ" микроқаржы ұйымы – бүкіл Қазақстан бойынша таралған желі. Сайт мәліметтеріне сәйкес, олардың филиалдары Қарағанды, Теміртау, Астана, Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Балқаш, Жезқазған, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Семей, Өскемен, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Талдықорған, Алматы, Орал және Атырауда бар.

43 мың клиент пен 181 мың келісімшарт: ҚМА нені анықтады?

20 қазанда ҚМА бүкіл ел аумағында жұмыс істеген "Экспресс Займ" микроқаржы ұйымындағы алаяқтық схеманың жолы кесілгенін хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда компания жасырын ақылы "консультация" қызметін енгізген. Клиенттерге одан бас тартуға болатыны айтылмаған және бұл қызмет микрокредит алу немесе оны ұзарту үшін міндетті шарт ретінде ұсынылған.

Бұл "консультацияның" құны бірден негізгі борышқа қосылып отырған. Салдарынан адамдар қолдарына сұраған сомадан аз ақша алса да, пайыздарды және борыштың толық сомасын төлеуге мәжбүр болған. Келісімшартты әр ұзартқан сайын қызмет ақысы қайта есептеліп отырған.

ҚМА бұл айла-шарғыға 43 мың қазақстандық алданғанын, олармен 181 мыңнан аса осындай келісімшарт жасалғанын мәлімдеді.

"МҚҰ директорының орынбасарына қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр", – деді агенттік өкілдері.

Сонымен қатар "Экспресс Займ" компаниясының сайтында барлық бөлімше штаттық режимде жұмыс істеп жатқаны және компания жұмысын тоқтату туралы шешім жоқ екені жарияланды. Ұйым БАҚ-та жарияланған ақпарат тергеудің алдын ала ұстанымына негізделгенін атап өтті.

"Экспресс Займ" компаниясының түсініктемесі. express-zaim.kz сайтынан скриншот

Бұған дейін Қонаев соты 8 мыңнан аса салымшыны тартқан Amanat Drive қаржы пирамидасының басшыларына үкім шығарған еді. Салынған қаражаттың жалпы көлемі 21 миллиард теңгеден асты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью