Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Эквадор президенті елдегі қылмыстық зорлық-зомбылықтың күрт өсуіне байланысты 60 күнге төтенше жағдай режимін жариялады. Тоғыз өңірде коменданттық сағат енгізіліп, көпшіліктің жиналуына тыйым салынды.
Сондай-ақ жергілікті полицияға ордерсіз тінту жүргізуге рұқсат берілді. Ресми дерекке сүйенсек, кейінгі екі айда елде 1232 қасақана кісі өлтіру фактісі тіркелген. Билік қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге барынша күш салып жатыр.