Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті

18.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: istockphoto.com

Министрліктің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған жерлерде болған.

«Талдау көрсеткендей, судағы қаза болудың негізгі себептерінің бірі – адамдардың, әсіресе балалардың қауіп-қатерді түсінбеуі болып отыр. Сондықтан тәуекелдерді азайту мақстында жыл басынан бері ауқымды ақпараттық науқан жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 7,5 мың бала жүзуге үйретілді. Құтқарушылар шамамен 95 мың оқу парақшасын, жадынама мен брошюраны таратты, ал су айдындарына 786 қауіпсіздік белгісі орнатылды», делінген ведомство хабарламасында.

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер 24 мыңнан астам патрульдік рейд өткізген.

Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті

Өкінішке қарай, жаз келісімен шомылу аймақтарында бала өлімі жиілеп барады. Бір ай ішінде Түркістан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай мен Қызылорда облыстарында бүлдіршіндер суға кеткен оқиғалар болды. Осыған сәйкес, ТЖМ қызметкерлері шомылу аумақтарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью