Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
- Маңызды бағыт — қолжетімді орта қалыптастыру. Бүгінде қолжетімділіктің интерактивті картасында шамамен 43 мың объект тіркелген. Оның ішінде 28 500-і немесе 67% нысан толық бейімделген. Бейімделу көрсеткішін орындау 2024 жылы 53% , 2025 жылы 64% болды. 2026 жылы бұл көрсеткішті 80%-ға жеткізу көзделіп, 34 мың әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік объектіні қолжетімді ету міндеті қойылған, - деді А.Ертаев.
Оның айтуынша, өңірлік деңгейде бейімделген нысандардың жоғары көрсеткіштері Жетісу (85%), Батыс Қазақстан (79%) және Алматы (76%) облыстарында байқалды. Бұл ретте, Маңғыстау (51%) және Ұлытау (44%) облыстарында осы жұмыстардың қарқыны төмен, сондықтан әкімдіктер жұмысты күшейту қажет.
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру аясында инфрақұрылымды дамытуға және қызметтердің қолжетімділігін арттыруға басымдық берілген. Ел бойынша мүгедектігі бар ересектер мен балаларға арналған жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған 33 оңалту орталығы жұмыс істейді. Соңғы 2 жылда Семей, Тараз, Кентау және Орал қалаларында 4 жаңа орталық ашылды. Осы жылғы мамырда Атырау қаласында тағы 1 орталық ашылады. Енді 7 орталықты салу және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр (Ақмола және Ақтөбе, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында құрылыс, Астана қаласында, Павлодар және Алматы облыстарында ЖСҚ әзірлеу), - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндігі кеңейтіледі.