Ел бойынша заң бұзған 10 тіс емханасы жабылды

27.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ел бойынша 10 стомотологиялық клиника жабылып, тоғызының қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы тілшімізге берген сұхбатында Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілі Айгүл Ысқақова жеткізді. 

Оның сөзінше, бұған мекемелердің заңнамада көрсетілген талаптарды өрескел бұзуы себеп болған. Сонымен қатар тіркеуде тұрған 73 клиниканың жұмыс істемейтіні анықталған. Қазір 441 емханада тексеріс басталып, 56 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Бүгінде елімізде 622 стомотологиялық клиника тіркелген. Ал Астанадағы тіс емханаларының бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты, сево-ран препараты туралы  маман былай деп жауап берді.

Айгүл Ысқақова, ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

- Медициналық қызмет көрсету кезінде қолданылатын дәрі-дәрмек. Ол тіркеуден өткізілген. Сондай-ақ ол клиникалық протоколда көрсетілген. Дозасына, шыққан күніне, мерзіміне қарай тіркеуден өтіп, сақтау мерзімін сақтаған жағдайда клиникалық протоколдардың аясында, науқастың қарсы жағдайлары болмаса қолдануға болады. Бұл клиникалық протоколда, хаттамада көрсетілген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью