Ел болашағы үшін таңдау: Өңір тұрғындарының көңіл күйі қандай

15.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Түркістан қаласындағы №935 учаскеге келген тұрғындардың бірі бұл науқанның маңыздылығына тоқталды. Ол өз таңдауын жасау арқылы ел ертеңіне бейжай қарамайтынын жеткізді.

– Таңертең көтеріңкі көңіл-күймен келіп, дауыс бердім. Бұл референдум еліміздің дамуы үшін қажет, - дейді қала тұрғыны.

Ақмола облысының жастары да саяси науқаннан қалыс қалып жатқан жоқ. Олардың пайымынша, әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес.

– Таңдау жасау арқылы үлкен істің бір бөлшегі болғым келеді. Осылайша Қазақстанның ертеңіне үлес қоса аламын деп ойлаймын, - деді жас сайлаушы.

Жетісу облысында да белсенділі азаматтардың қарасы қалың. Талдықорғандық тұрғын мұндай маңызды сәттерде азаматтық ұстанымын білдіруді әдетке айналдырғанын айтады.

– Бүгін отбасымызбен келіп, таңдауымызды жасадық. Мұндай шараларға әрдайым белсене қатысамыз, - дейді ол.

Ал Петропавл тұрғыны референдумға қатысуды әрбір отандасымыздың перзенттік парызы деп біледі. Оның айтуынша, дәл осындай сәттерде мемлекеттің тағдыры шешіледі.

– Учаскеде адам көп. Жұрттың отбасымен, әсіресе үлкен кісілердің көптеп келуі – халықтың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді, - деп атап өтті ол.

Елдің әр қиырынан жеткен пікірлер қазақстандықтар үшін референдумның мәні бөлек екенін аңғартты. Дауыс беру жақсы бір отбасылық дәстүрге айналғандай. Адамдар жақындарымен бірге келіп, оқиғаның маңыздылығын талқылап, кейінгі ұрпаққа үлгі болып отыр.

Айта кетейік, республика бойынша учаскелер таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп тұр.

Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың келу көрсеткіші 70 пайыздан асты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью