Ел болашағына немқұрайды қарамайтын жастар референдумға ерте келді Меңсұлу Бадаева

15.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Тәуелсіз байқаушы Меңсұлу Сейдағалиқызының айтуынша, референдумда жастар белсенді қатысып жатыр. 

«Бүгін референдум күні Қостанай қаласындағы №43 дауыс беру учаскесінде байқаушы ретінде қатыстым.

Учаскенің ашылуы салтанатты түрде өтіп, Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Сағат 7-ден бұрын келіп, дауыс беруге асыққан азаматты көріп, ерекше қуандым. Комиссия төрайымы дауыс беру заңға сәйкес белгіленген уақытта басталатынын айтып, аз уақыт күте тұруын өтінді. Бұл – азаматтардың ел тағдырына бейжай қарамайтынының айқын көрінісі.

Бүгінгі күннің есте қаларлық сәттерінің бірі – 18 жастаға Ақжан алғаш рет дауыс берді. Ерте келіп, өз таңдауын жасап, ел болашағына немқұрайды қарамайтын жас буынның жарқын үлгісін көрсетті.

Алғашқы дауыс беру – әрбір жас үшін ерекше әрі жауапты қадам. Осыған орай учаскелік комиссия Ақжанға арнайы сыйлық табыстап, ақжарма тілегін білдірді.

Таңертеңгі уақытта жастардың белсенділігі ерекше әсер қалдырды. Жалпы, дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай, тыныш өтіп жатыр. Әрбір азамат келіп, өз таңдауын жасап, ел болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көрсетуде», – деді тәуелсіз байқаушы Меңсұлу Сейдеғалиқызы.

Бұған дейін  Алматы қаласында өткен референдум туралы жазған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью