Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Сенатта палата спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналған іс-шарада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайтуға қатысты заңнаманы жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңызы талқыланды.
М.Әшімбаев қатысушыларға ілтипат білдіріп, конституциялық реформа ел дамуындағы шешуші кезең екенін тілге тиек етті. Жаңа Ата заң жобасы Әділетті Қазақстан идеясын толық іске асыруға ықпал етіп, саяси жүйені демократияландыру мен жаңғыртудың құқықтық негізін айқындайтыны да айтылды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен барлық салада аса маңызды реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қазір жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістер сол іргелі істің жүйелі әрі дәйекті жалғасы екені анық. Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 наурызда жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдум өтеді. Бұл – елдің саяси жүйесін демократияландыру жолындағы тарихи кезең. Ата заң, ең алдымен, мемлекеттілік пен Тәуелсіздікті нығайтумен қатар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Сондықтан жаңа Конституция жобасы Заң мен тәртіп қағидаттарына, азаматтардың мүдделері мен құқықтарына табан тірейді», деді Сенат төрағасы.
Палата спикері жаңа Конституцияның преамбуласына тоқталып, мұнда адамның құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол адам капиталы, білім, ғылым, инновацияны дамытуға бағытталған ережелерге ерекше тоқталды.
Сонымен қатар Сенат төрағасы конституциялық реформа саяси жүйе эволюциясының табиғи жалғасы, сарапшылар мен азаматтық қоғамдастық өкілдерінің ұзақмерзімді бірлескен жұмысының нәтижесі екенін айтты.
«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның конституциялық моделінің, жалпы елдің орнықты дамуының құқықтық негізін қалайтын тарихи құжат. Осыған байланысты билік тармақтарының тиімділігіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін құру көзделіп отыр. Ата заңның нормаларына сәйкес Құрылтайдың өкілді рөлі артып, жаңа саяси институттар құрылады. Өңірлердің және барлық әлеуметтік топтың өкілдігін қамтамасыз ету үшін жоғары консультативтік орган ретінде Халық кеңесі қалыптасатыны белгілі. Мемлекеттік билік органдарының конституциялық мәртебесі, құзыреті мен міндеттері де айқындалып отыр», дей келе М.Әшімбаев мәслихат депутаттарын Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді іске асыру жолында жұдырықтай жұмылуға шақырды.
Кеңеске қатысушылар қазіргі өзгерістерге, оның ішінде билік жүйесін трансформациялауға қатысты да пікір білдірді. Сондай-ақ Құрылтай, Халық кеңесі, тағы басқа да жаңа саяси институттар, олардың қалыптасуы, міндеттері, құзыреттері мен қызметі сөз болды. Конституциялық реформа Парламент пен мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, түрлі саладағы сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ ел ертеңіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтар қатысқан кешенді әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін айтты қатысушылар.
Отырысқа сенаторлармен бірге облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Соңғы жаңалықтар
«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады
Оқиға • Бүгін, 12:57
Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Оқиға • Бүгін, 11:27
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:45
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:20
Қоғам • Бүгін, 09:55
Қоғам • Бүгін, 09:50
Бірлік пен келісім жолындағы миссия
Қоғам • Бүгін, 09:45
Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы
Қоғам • Бүгін, 09:40
Халық құрметтеген құтқарушылар
Құтқарушы • Бүгін, 09:35
Қоғам • Бүгін, 09:30
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Қоғам • Бүгін, 09:25
Пікір • Бүгін, 09:20
Ауғанстан азаматтарының ықыласы
Қоғам • Бүгін, 09:15
Қоғам • Бүгін, 09:10