Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық саясатты іске асыру барысы жөнінде баяндама жасады. Үкімет басшысының айтуынша, инвестиция тарту қарқыны тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
«Тікелей шетелдік инвестициялар 9 ай ішінде 1,5 млрд долларға немесе 10,9%-ға өсіп, 14,9 млрд долларды құрады. Бұл ретте портфельдік инвестициялар мен несиелік қаражаттарды есепке алғанда, экономикаға тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі 58 млрд доллардан асты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13%-ға артып, 22,7 трлн теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар 800 млрд теңгеге, 5 трлн теңгеге дейін, ал жекеменшік инвестициялар 2,4 трлн теңгеге, 17,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды», деді Олжас Бектенов.
Отырыста Инвестициялық штабтың рөліне де айрықша мән берілді. 2025 жылы жалпы құны 115 млрд доллар болатын 212 жоба бойынша проблемалық мәселелер шешімін тапқан. Бұл инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді азайтып, жобаларды уақтылы іске асыруға мүмкіндік берді.
Премьер-министр Президент қойған міндеттерге сәйкес инвесторларды тарту жүйесі жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Инвестициялық жобалар бастапқы кезеңнен бастап құрылысы толық аяқталғанға дейін «жасыл дәліз» қағидасы бойынша сүйемелденеді. Осы бағытта бірқатар институционалдық шешім қабылданды.
Президент Жарлығымен инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас прокурорға жүктеліп, прокурорлық қадағалау инвесторлардың құқықтық қорғалуын күшейтті. Сонымен қатар Бәйтерек холдингі Қазақстанда маңызды жобаларды іске асыруға мүдделі инвесторларды проактивті түрде іздестіруді қолға алды. Инвестиция тартудың сыртқы контурын нығайту мақсатында инвестициялық әлеуеті жоғары елдерде Kazakh Invest компаниясының шетелдік өкілдіктерін ашу көзделіп отыр.
Мемлекет басшысының бастамасымен құрылып жатқан Алатау Сити қаласы да инвестиция тартудың жаңа орталығына айналмақ. Конституциялық заң жобасында ерекше құқықтық режим енгізу, заманауи басқару тетіктері мен қала құрылысының жаңа нормаларын қолдану қарастырылған. Үкімет бұл бастама ірі инвесторлар үшін қолайлы әрі болжамды орта қалыптастырады деп есептейді.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді
Үкімет • Бүгін, 11:00
10 күнде жеңілдетілген несие: Үкімет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр
Үкімет • Бүгін, 10:50
Жаңа өндірістік нысандарға қанша инвестиция тартылады?
Үкімет • Бүгін, 10:49
Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 34%-ға дейін төмендейді
Экономика • Бүгін, 10:42
Қауіпті Нипах вирусы және қызылша: Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті
Медицина • Бүгін, 10:32
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 10:20
6 ай бойы жүйелі түрде жәбірленушіні аңдыған астаналық азамат бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 10:17
Кұлсарыдағы оқиға: Үйқамақтағы оқушыға сабаққа қатысуға рұқсат берілді
Білім • Бүгін, 10:12
Шымкентте жалдамалы пәтерден үш адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Павлодарда жол күтіміне немқұрайды қарағандар жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 09:51
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жүлдеге таласады
Қысқы спорт • Бүгін, 09:40
Теңге • Бүгін, 09:36
Ақпанның ақтүтек бораны: Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады
Ауа райы • Бүгін, 09:21
10 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Көлік қатынасындағы нәтижелі жұмыстар
Экономика • Бүгін, 09:15