Ел есінде қалған ерлік

07.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылды. Бұл – оның майдандағы теңдессіз батырлығы мен ел алдындағы адал қызметінің лайықты бағасы.

Кенжебай Мәденұлы 1925 жылы 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаракөл ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Болашақ батыр небәрі 18 жасқа толар-толмас кезінде, 1943 жылдың 8 қаңтарында, өз еркімен Қызыл Армия қатарына қосылады. Сол жылдың қарашасында жаяу әскер училищесін тәмамдап, үшінші Украина майданы құрамында станкілік пулемет бөлімшесінің командирі болады. Кейін офицерлік курсты бітіріп, «кіші лейтенант» шенін алып, Бірінші Белорусь майданында взвод командирі қызметін атқарған.

Ол Украинаның оң жағалауын, Мол­давияны (Яссы-Кишинев операциясы), Польшаны, Варшаваны, сондай-ақ Германия аумағын азат ету шайқастарына қатысып, Берлинді алу операциясында ерекше ерлік көрсетті. 1945 жылғы сәуір­де Берлин ратушасына жасалған шабуыл кезінде Мәденов взводы алғаш­қылардың бірі болып ғимаратқа басып кірді. Қиян-кескі ұрыс барысында ол жеке батылдығы мен табандылығын танытып, жаумен қоян-қолтық шайқаста көзге түсті.

Маршал Георгий Константинович Жуков өз естеліктерінде Мәденовтің вз­воды ратушаға алғаш­қылардың бірі болып кіргенін атап өтеді. Ал генерал-лейтенант Фёдор Боков оның сарбаз­дарының шайқаста ерекше көзге түс­кенін жазады. Дерек­терге қарағанда, ауыр жараланғанына қарамастан, Кенжебай Мәденов ратуша күмбезіне көтеріліп, жау туын құлатып, Қызыл туды орнатуға қатысқан.

Алайда осындай ерлігіне қарамастан, соғыс жылдарында ол жоғары мемле­кеттік марапатқа ұсынылса да, түрлі се­беппен лайықты бағасын ала алмады. Оның қарулас серігі Константин Громов «Кеңес Одағының Батыры» атағын алғанымен, Мәденовтің ерлігі ұзақ уақыт бойы елеусіз қалды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Кен­жебай Мәденұлы әскери қыз­метін жалғас­тырып, кейін мемлекеттік қауіп­сіздік орган­дарында еңбек етті. 1949 жыл­дан өмірінің соңына дейін КСРО Мем­ле­кеттік қауіп­сіздік комитеті жүйесінде қызмет атқарып, жедел уәкіл­ден бөлім бастығына дейінгі жол­дан өтті. Ол әскери қызметте де, аза­мат­тық өмірде де адалдық пен жауап­кершіліктің үлгісін көрсетті.

Соғыс жылдарында екі рет жаралан­ған батыр 1974 жылы 26 желтоқсанда өмірден өтті. Оның ерлігі мен еңбегі екі «Қызыл Жұлдыз» орденімен және көптеген мед­аль­мен лайықты марапат­талды.

Ұзақ жылдар бойы қоғам қайрат­керлері мен журналистер оның ерлігін лайықты бағалау мәселесін көтеріп келді. Нәти­жесінде, тарихи әділдік ор­нап, Кенжебай  Мәденовке «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл – тек бір адамның ғана емес, соғыс жылдар­ында ерен ерлік көрсеткен тұтас буын­ның рухына көр­сетілген құрмет.­

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью