Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор Испания чемпионатындағы «Барселонаға» қарсы матчта алғаш рет команданың капитаны ретінде алаңға шығады. Бұл шешім негізгі және вице-капитандардың жоқ болуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Команданың ресми капитаны Дани Карвахаль жарақатынан әлі толық айықпаған. Ал вице-капитан Федерико Вальверде жаттығу кезінде Орельен Тчуаменимен болған жанжалдан кейін алған жарақатына байланысты алдағы ойынды өткізіп алады.
Осылайша, капитандық иерархия бойынша келесі ойыншы ретінде Винисиус Жуниор «Барселонаға» қарсы өтетін маңызды Эль-Класико матчында команданы алаңға бастап шығады.
Клуб ішінде аталған оқиғаға байланысты ішкі тексеріс жүргізіліп жатқаны да айтылуда.
Винисиус Жуниор үшін команданы капитан ретінде алаңға бастап шығу – аса таңсық жағдай емес. Бразилиялық шабуылшы алғаш рет бұл міндетті 2025 жылдың ақпанында атқарған, ол кезде команда Испания Кубогының жартылай финалында «Реал Сосьедадты» жеңген болатын.
Сонымен қатар, ол Чемпиондар лигасының матчтарында да капитан болды. Атап айтқанда, 2025 жылдың қыркүйегінде Алматыдағы «Орталық» стадионында өткен «Қайратқа» қарсы ойында дәл осы мәртебемен алаңға шыққан.
Айта кетейік, Испания чемпионатында «Барселона» – «Реал» кездесуі турнирлік тұрғыдан үлкен маңызға ие: каталондықтар жеңсе, чемпиондықты мерзімінен бұрын рәсімдей алады, ал мадридтіктер жеңіске жетсе, чемпиондық үшін күресті жалғастырады.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Жапония пен Сингапурдан кем емес: Алматыдағы арнайы мектептің өнерлі өрендері көпті тәнті етті
Қоғам • Бүгін, 17:54
Минутына 30 сөз жазады: Ойды мәтінге айналдыратын бас киім пайда болды
Технология • Бүгін, 17:37
Таразда жасөспірімдер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты
Оқиға • Бүгін, 17:20
Екібастұзда картонға маркермен мемлекеттік нөмір жазып алған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:12
Президент Алатау қаласының ерекше мәртебесіне қатысты шешім қабылдады
Заң • Бүгін, 17:00
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 16:59
Полиция ер адамға күш көрсеткен: Желіде тараған даулы видеоға қатысты түсініктеме берілді
Оқиға • Бүгін, 16:48
Сайлау жүйесіндегі жаңа талап: Жемқорлықпен сотталғандар комиссия мүшесі бола алмайды
Қоғам • Бүгін, 16:34
Grand Slam турнирі: Қазақ балуаны Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты
Күрес • Бүгін, 16:23
Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданына мэр болып сайланды
Оқиға • Бүгін, 16:09
ОПЕК-тегі өзгерістер Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Экономика • Бүгін, 15:50
Вице-президент пен Халық кеңесінің жұмысы қалай қаржыландырылмақ? Министр жауап берді
Қоғам • Бүгін, 15:35
42 млн теңгеден астам қаржыны қалтасына басқан: Балабақша басшылығының былығы әшкере болды
Оқиға • Бүгін, 15:26
Қазақстанда газ тағы қымбаттауы мүмкін: Жұманғарин себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:19
Жаңа пандемия қаупі бар ма? Еуропада хантавирус жұқтыру деректері көбейді
Әлем • Бүгін, 15:04