Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы автокөлік жолдарының ауқымды жөндеу жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы автокөлік жолдарының ауқымды жөндеу жұмыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын жақсарту міндетін де орындауымыз керек. Былтыр 13 мың шақырым автокөлік жолын жөндеу жұмысы басталды. Оның 6 мың шақырымы қолданысқа берілді. Мұндай ауқымды жұмыс ел тарихында бірінші рет жасалды. Келесі жылы автокөліктерді өткізу бекеттерін жаңғырту ісі аяқталуы керек", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда ел аумағы арқылы автокөлікпен тасымалданатын жүк көлемі екі есе артып, 6 миллион тоннаға жетті. Былтыр автокөлікпен жүк тасымалдаушылардың табысы 1,5 триллион теңге болды. Бұл – теміржол саласындағы кіріспен шамалас көрсеткіш.
"Осының өзі отандық автокөлік тасымалы саласының әлеуеті зор екенін көрсетеді. Демек, мұндай кәсіпкерлерді барынша қолдау керек", - деді Тоқаев.
Президент теміржол саласын дамыту мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, елімізде жаңа магистральдар салынып, вокзалдар жаңартылып жатыр. Былтыр Достық – Мойынты бағытының екінші желісі және Алматы қаласын айналып өтетін теміржол іске қосылды. Биыл Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал, келесі жылы Бақты – Аягөз теміржолдарының құрылысы аяқталады.
Тоқаев авиация саласына жеке тоқталды. Ол елімізде жаңа ұшу бағыттары ашылып, толыққанды әуе хабтарын қалыптастыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Әрине, осы тұрғыдан алғанда, Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет. Көп ұзамай оның құрылысы басталуы қажет", - деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы әуе кеңістігі арқылы жүк тасымалдайтын арнайы компания құру өте орынды шешім болды деп санаймын. Бұл маңызды қадам халықаралық логистикадағы әлеуетімізді күшейтуге ықпал етері сөзсіз.
Сонымен қатар Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселесін еске салды. Оның айтуынша, Орта дәліз арқылы тасымалданатын жүк көлемі кейінгі алты жылда бес есе ұлғайып, бір жылда 4 миллион тоннадан асты.
"Біз аймақтағы мұнай-газ өндіретін жетекші мемлекет ретінде авиа-отынға қатысты мәселелерді толық шешуге мүмкіндік беретін мықты инфрақұрылым қалыптастыруымыз қажет. Бұл – аса маңызды және шұғыл міндет", - деді Президент.