Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
- Бұған дейін болжанғандай, күні бойы дауыс беру рәсіміне қатысты типтік фейктер мен манипуляциялық материалдардың таралуы тіркелді. Сайлау учаскелерінің жабылуымен мұндай ақпараттық шабуылдардың белсенділігі, әдетте жаңа кезеңге өтеді. Орталықтың болжамы бойынша, жалған ақпараттың қарқыны түпкілікті бәсеңдегенге дейін негізгі екпін дауыс беру процесінен дауыстарды санау рәсімі мен оның нәтижелеріне күмән келтіруге ауысады, -делінген хабарламада.
Атап айтқанда, ақпараттық кеңістікте мынадай мәліметтер таралуы мүмкін:
- дауыс берудің нәтижелері алдын ала белгілі болды делінген «ақпараттың тарап кетуі»;
- жалған экзит-полл нәтижелері;
- «дауыс санау кезінде бюллетеньдерді ауыстыру» туралы негізсіз мәлімдемелер;
- «сайлау жәшіктерін» немесе құжаттаманы «жасырын алып кету» туралы хабарламалар;
- желіде таратылатын, қорытынды нәтижелер ретінде ұсынылған «құжаттар» мен кестелер;
- «референдумды өтпеді деп тану» туралы негізсіз мәлімдемелер.
Түрлі елдердегі электоралдық науқандарды бақылау тәжірибесі көрсеткендей, қандай ма ақпараттық шабуылдардың бір бөлігі келесі күні де таралуы мүмкін. Бұл кезеңде дауыс берудің жекелеген эпизодтарын бұрмалап көрсету, сондай-ақ референдумның маңыздылығын төмендетуге бағытталған жарияланымдар жиі пайда болуы мүмкін.
- Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жалған ақпарат тарату фактілерін анықтауды және қоғамдық пікірді манипуляциялау әрекеттеріне жедел ден қоюды жалғастырады, -делінген орталық хабарламасында.
Осыған дейін Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқандардың жауапқа тартылғаны туралы жаздық.