Еламанның есті жырлары

28.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Павлодарда әде­биет әлеміне есімі таны­ла бастаған жас ақын Еламан Қабділәшім­нің «Бол­мы­сымның бояуы» өлеңдер жина­ғын жер­гілікті зиялы қауымның талдауы өтті.

Кітап Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» бағыты бойынша 2025 жылы жарық көрген. Автордың Қарағанды облысына жа­саған шығармашылық сапарының жемісі. Ақын бұл жинақта өзінің ойын, сезімін, танымын, түсінігін, жанын дала дидарымен, қала бедері­мен, табиғат көрінісімен астастыра ­жырлайды.

Жазушылар одағы облыстық филиал­ының төрағасы Серік Елікбай Еламанның шы­ғар­ма­шылығына жо­ғары баға беріп, оның поэзиясынан ішкі қайшылық пен терең сыр­шылдық байқалатынын атап өтті. Оның пікірінше, «Болмысымның ­бояуы» – Ертіс-Баян өңіріндегі ке­йін­гі жас толқын арасындағы шоқтығы ­биік туынды.

«Ақынның ішкі әлемінде үнемі қайшылықтар болып жататынын аңғарамыз. Бір өлеңін оқып отырып, оны мұңшыл деп ұғынсақ, енді бір жырынан сыршыл ақын деп қабылдаймыз. Әдебиеттің таразысына салсақ, алдыңғы толқын кейінгі толқынға бөгет болмауы керек, ал кейінгі толқын алдындағы ағаларынан асып түсуге тиіс», дейді қаламгер.

Кітапты парақтай отырып, ақын­ның поэзияға ізденіс­пен келгенін байқаймыз. Ондағы «Әлім­хан мен Сұлтанмахмұт», «Нықтұрақ», «Са­йып­қыран» поэмалары кітап жү­гін салмақтандырып тұрғандай. Ақын түй­сік танымын, өзінің ішкі дауыс ырғағы­на салып, болмыс бояуы­мен суреттей­ді. Адамның болмысы – жеке бір әлем. Оны әлі күнге дейін ешкім дөп басып таныған емес. Сол бір ішкі әлемнің қандай болатынын әртүрлі түспен кескіндеп, адамның қуаныш, өкініш, үміт, сенім секілді ішкі иірімдеріне терең бойлайды. Мәселен, «Қасым үйінде. Ішіме үңілу» атты циклдік топтамасына өз ішіне көзбен емес, «көңілмен үңілгенін» көреміз.

Еламан – әдебиет­­пен қатар, жур­налистік қызметті қатар алып келе жатқан азамат. Бірнеше кітаптың авторы ретінде Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Өткен жылы «Шабыт» шығармашыл жастар фести­валінің ­лауреаты атанды.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Еселенген жақсылық

Пікір • Бүгін, 09:20

Ауғанстан азаматтарының ықыласы

Қоғам • Бүгін, 09:15

Мейірбан жұртыма ризамын

Қоғам • Бүгін, 09:10

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью