Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қабарда-Балқарияда Эльбрус тауына шығу кезінде алты альпинист қаза тапты – оның бесеуі Босния және Герцеговина азаматы, біреуі Ресей азаматы, деп хабарлайды Tengri Travel ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Шыңға екі топ аттанғаны анықталды. Оның жетеуі шетелдік және екеуі ресейлік. 25 шілде күні кешке ауа райының күрт нашарлауына байланысты босниялықтар тобы бағыттан адасып қалған. Альпинистердің бірі төмен түсіп, 5100 метр биіктікте екі адамның өзін нашар сезініп, көз жұмғанын хабарлаған. Кейінірек құтқарушылар тағы бір аман қалған адамды және үш адамның денесін тапты.
Қайғылы оқиға ауа райының тым қолайсыздығынан болған – желдің жылдамдығы сағатына шамамен 70 километрге дейін күшейіп, боран басталған. Экспедицияның жеті мүшесінің арасында ерлі-зайыпты мен дәрігер әйел болған.
Эльбрустан құтқарылған альпинистердің бірі Харис Адилович трагедияға ауа райы болжамының қате болуы себеп екенін айтты.
"Мәселе дайындықтың нашарлығында емес. Меніңше, негізгі себеп - ауа райы болжамының қателігі", - деп түсіндірді ол "Известия" басылымына.
Ресейлік басылымдардың мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан кем дегенде үш мәйіт әлі эвакуацияланған жоқ. Тергеу басқармасы "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Кейінірек Қабарда-Балқария тергеушілері 26 шілдеде 5300 метр биіктікте болған екі альпинистен тұратын тағы бір топтың көмек сұрағанын хабарлады. Олардың бірі қайтыс болды, екіншісі эвакуацияланған.
Сөз Ставрополь өлкесі мен Тула облысынан келген туристер туралы болып отыр. Біреуі гипотермиядан (үсіп қалудан) көз жұмған. Оның денесі әзірге тауда қалып қойды - ауа райы жағдайына байланысты оны алып кету мүмкін болмай тұр.
Эльбрус - Ресей мен Еуропадағы ең биік тау. Оның екі шыңы - Шығыс (5621 метр) және Батыс (5642 метр) - бір-бірінен жайпақ ертоқым тәріздес асумен (5416 метр) бөлінген. Шыңдардың арақашықтығы шамамен 1,5 шақырымды құрайды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу