24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазіргі уақытта елде 1 мың 698 дәріні сатып алуға рецепттің қажеті жоқ. Ал 5 мыңнан астам дәрі рецептісіз сатылмайды. Дәрі-дәрмек міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Тіркеу барысында препараттың құрамы, оны өндіру технологиясы, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелері жан-жақты талданады.
Сондай-ақ елде тыйым салынған құрамдас бөліктердің – зиянды қоспалар, консерванттар мен бояғыштардың жоқтығы тексеріледі. Бұдан бөлек нарыққа шығарылмас бұрын дәрілік заттың әр партиясы міндетті сапа бағалауынан өтеді. Соған сай сәйкестік сертификаты беріледі.