Елде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылды

03.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Су ресурстары және ирригация министрлігі су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың өзге де бағыттары бойынша деректерді біріктіретін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін (СРҰАЖ) әзірледі. Жүйенің негізгі мақсаты – басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті бірыңғай, сенімді әрі өзекті деректер базасын қалыптастыру.

"Бүгінде жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны туралы мәлімет цифрландырылып, жүйелендірілді. Оның ішінде 17 748 өзен, 3 148 көл және 1 109 гидротехникалық құрылысжай бар", - деп хабарлады министрлікте.

Сонымен қатар ақпараттық жүйеде 3 мыңға жуық ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген.

Жүйеге су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілді. Сондай-ақ жүйе арқылы суды бастапқы есепке алу бойынша 2,2 мыңнан астам есеп, ал 2-ТП нысаны бойынша 1,3 мыңнан астам есеп қабылданған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью