Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Елдегі газдандыру деңгейі 64 пайыздан асты. Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биыл бұл мақсатта 112 млрд теңгеден аса инвестиция тартылды.
Соның арқасында 95 елді мекенде тұратын 350 мың адам көгілдір отынға қосылды.
Газдандыру жұмыстары елдің барлық өңірінде жүзеге асты. Мәселен, биыл Ақмола облысындағы Қосшы қаласы мен Талапкер ауылы газға толық қосылды. Ал елордадағы газдандыру деңгейі 97 пайызға жуықтады. Түркістан облысында құны 10 млрд теңгеден асатын бірнеше жобаның нәтижесінде шамамен 100 мың тұрғын газға қол жеткізді. Сондай-ақ бүгінде ауқымды геологиялық барлау жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа кен орындары жұмысын бастады. Қайыркелді, Тұз-көл және Тас-болат кеніштері іске қосылып, Маңғыстау облысындағы газ өңдеу зауытының қуаты артты.
Газбен қамту көрсеткіші
Газдандыру деңгейі – 64,2%
Инвестиция – ₸112 млрд
95 елді мекен
350 мың адам
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
- Мемлекет тарапынан инфрақұрылымды дамытуға 112 млрд теңге бөлінді. Бүгінде Жамбыл облысы мен Жетісу өңірінде газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Теректі аудандарын газбен қамту мәселесін шешетін «Ростоши – Тайпақ» газ құбырының құрылысы басталды. Сондай-ақ ұзындығы 300 шақырымды болатын «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбыры мерзімінен бұрын қолданысқа беріліп, Жетісу өңірін сенімді энергиямен қамтамасыз етті.