24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
AI-Sana бағдарламасы аясында 100 мың жас жасанды интеллект алгоритмдерін меңгереді. Былтыр бастау алған бағдарлама бүгінге дейін 668 мың студентті оқытты.
Енді екінші кезең келер айда басталады. Жауаптылардың айтуынша бұл жастар үшін таптырмас мүкіндік. Бұдан бөлек, жастардың белсенділігін арттыруда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Шет елдерде оқып жүр талай қазақ баласы... Жаһанда 260 мыңнан аса студент бар. Соның небәрі 7 млн-ға жуығы шетелде шәкірт атанған. Қазір бұл көрсеткіш бойынша көш басында Қытай келе жатыр. Одан кейін Үндістан, ал үштікті Өзбекстан түйіндеді. Қазақстан 15-орында. Ал жан басына шаққанда алғашқы үштіктеміз. ЮНЕСКО дерегі бойынша қазір 80 мыңға тарта қазақстандық шетелде оқиды. Білім бәйгесінде жастарымыздың бәсі жоғары. Мәселен, британдық профессорлар қазақ жастарының еңбекқорлығына тәнті.
Бағлан Айдаров, Cardiff University докторанты:
- Қазақстандық студенттерді көбі еңбекқор дейді. Профессорым: «Ризамын, еңбекқор», - дейді. Біз кітапханада таңертеңнен кешке дейін отырамыз. Отандық университеттердің мәселесі – зерттеу базасында. Ғылыми лабораториялар жетіспейді. Бізде Z ұрпақ ақпаратты басқаша қабылдайды. Британияда ұрпақтарға қарай бағдарламаны басқаша дайындайды.
Елде ғылымға бет бұрған жастардың саны да артып келеді. Қазірдің өзінде олардың қатары 22 мыңнан асты. Жас өнертапқыштардың ізденістерін коммерцияландырып, қолдау көрсету – Президент жүктеген маңызды міндет. Жан-жақты дамыған, технология тілін білетін ұрпақ қана елдің берік ертеңін құрады. Әсіресе жасанды инлеллект дағдыларын ерте жастан меңгеру – заман талабы. Былтыр Жасанды интеллект министрлігі құрылды. Ал отандық стартаперлер сыртқы нарыққа шамамен 1 млрд доллардың өнімін сатқан.
Ақжол Замбаев, Weglobal Ai жобасының директоры:
- Мықты-мықты стартаптар дамып жатыр. Higgsfield сияқты млрд доллардан асқан стартап бар. Олар Америкаға, шетелге сатып жатыр. Басқа да стартаптар бар олардың разработчиктері Қазақстанда орналасқан болуы мүмкін. Сату бөлімі ғана шетелде болады да.
Елде 5,8 млн жас бар. Оның 3,6 млны тұрақты түрде жұмыс істейді. Жастардың басым бөлігі кәсіби маман ретінде қызмет атқарады. Одан бөлек, қызмет көрсету және сату саласында, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. Елде кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген NEET санатындағы құлықсыз жастарға да тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.
Аян Сәлімгереев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «келешек» жастар кеңесінің төрағасы:
- Жастар – экономиканың қозғаушы күші. Кез келген жаһандық жаңалықты алдымен жас буын меңгеруі тиіс. Президент 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Демек биыл елде цифрландыру ауқымы кеңейіп, жасанды интеллектпен жұмыс істейтін салалар саны артады. Жуырда астанада «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Онда жастар зерттеу жасап, стартап жобаларын жүзеге асырады.