Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АЛМАТЫ, 12 қазан - Sputnik. Қазақстан мектептерінде амандасу әдебіне байланысты әдістеме әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленді. Мазмұнына – тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік туралы ақпарат енгізілген.
"Қазіргі уақытта бағдарлама республикадағы барлық 20 877 білім беру ұйымында: 12 066 мектепке дейінгі ұйымда, 8 048 мектепте және 763 колледжде оқу және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары, сынып және курс сағаттары аясында жүзеге асырылып жатыр", - дейді министрлік.
Бүгінгі таңда оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғалымдар, сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдерінен жұмыс тобын құрды.
"Олар білім алушылардың амандасу әдебіне байланысты әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді министрлік.
Айтуларынша, аталған ұсынымдардың мазмұнында білім беру процесіне қатысушылардың, мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріледі және депутаттармен қосымша талқыланады.