Елде арнайы педагог тапшылығы бар ма

03.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

- Мектептермен қатар арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерін арнайы білім беру ұйымдары ұсынады. Бүгінде елімізде 238 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 12 аутизм орталығы, 14 оңалту орталығы жұмыс істеп жатыр. Жалпы, мүмкіндігі шектеулі балалардың 90%-ы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ұлттық білім беру деректер қоры мәліметіне қарағанда, білім беру ұйымдарында 11 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істеп жатыр. Бұл тұрғыда әлі де 2,3 мың педагог қажет (2024 жылы - 3,5 мың).

- Мамандарды даярлау 17 жоғары оқу орнында жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын арнайы педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік гранттар саны артып келеді. Мәселен, 2024 жылы - 656 грант, 2025 жылы 819 грант бөлінді. Бүгінде заңнаманы жетілдіру аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагог-психолог» бағыттары бойынша педагогикалық білімі бар мамандарды «Арнайы педагогика» деңгейінде педагогикалық қайта даярлау мүмкіндігін көздейтін норманы енгізу қарастырылып жатыр, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Атап айтқанда, кадрлармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жөніндегі нысаналы индикаторлар 2023-2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту, 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамаларында ескерілген.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда алғаш рет Инклюзивті білім беру жөніндегі әлемдік конгресс өтті. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью