Елде бір айда жемқорлыққа қатысты 80 нен астам қылмыс тіркелді

05.06.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мамырда атқарылған жұмыстын нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 83 құқық бұзушылықты тіркелді.

"Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық сияқты қылмыстарға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 45 адам күдікті деп танылды", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, мамыр айында 85 қылмыстық істі тергеу шаралары аяқталды. Соның ішінде 66 іс сотқа жолданды.

Ал аяқталған қылмыстық істер бойынша залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 835,3 млн теңге қайтарылды. Сондай-ақ бағасы 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью