Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жасанды интеллект медицина саласын жаңа деңгейге көтерді.
Ақылды жүйелер ауруды ерте анықтауға, диагноз қоюдың дәлдігін арттыруға және емдеу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, жасанды интеллект дәрігерлерді алмастырмайды, керісіңше олардың мүмкіндігін арттырады. Елде мемлекеттік қызметтердің 87,3%-ы автоматтандырылды, яғни 8 анықтама толықтай цифрлық форматқа көшті. Енді елде электронды денсаулық паспортының форматы жаңарады. Бүгінге дейін eGov порталындағы құжат ақпараттың тек аз бөлігін көрсететін. Енді пациенттің жеке кабинетінде жедел жәрдем шақыртулар, қан орталықтарына жүгіну, екпелер және жүктіліктің барысы туралы толық ақпарат, тағайындалған дәрілер мен олардың мөлшерлемесі сияқты жаңа бөлімдер пайда болады. Болашақта жүйеге тіпті КТ және МРТ суреттері де қосылмақ.