Елде ет бағасы қанша теңге болуы керек министр жауабы

24.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Фермерлер мал шаруашылығын жылдам әрі жоғары қарқынмен дамытуды жоспарлайды. Әрине, олар бағаның жоғары болғанын қалайды, яғни экспорттық баға 10-12 мың теңге аралығында болу керегін айтып жүр. Қазіргі уақытта экспорттық баға еттің санатына байланысты 4,5 мыңнан 6 мың теңгеге дейін жетеді. Еттің қоңдылығына, сапасына қарай баға өзгеріп отырады, — деп жауап берді министр Үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, қазір ішкі нарықтағы тірі малдың еті келісіне 1600-1800 теңге болып отыр.

— Тіпті арзандады деуге болады, бір кезде бұл баға 2000 теңгеге дейін жеткен болса, қазір орта есеппен 1700 теңгеге айналады. Егер 1700 теңгені етке шаққанда есептесек, ішкі нарықтағы көтерме баға шамамен 3000-4000 теңге болады, — деді министр.

Бұған дейін Айдарбек Сапаров сиыр еті картоп ретінде экспортталды деген ақпаратты теріске шығарды

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью