Елде импортты алмастыру саясаты қарқын алды

25.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгінде елімізде импортты алмастыру саясаты қарқын алды.

Мәселен, жергілікті кәсіпкерлерден басым тәртіппен сатып алынатын тауарлар тізбесі 2,7 есе кеңейтілді. Қазір бұл тізімде 4 800-ден астам өнім атауы бар. Бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік тапсырыстар бойынша 30 пайыздық міндетті аванс енгізіліп, айыппұл мөлшері 3 пайызға дейін төмендетілді. Жүйелі қолдаудың нәтижесінде, биылғы 11 айда 2,4 трлн теңгеге 1 700-ге жуық ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды. Әсіресе офтейк-келісімшарттар көлемі рекордтық көрсеткіш орнатты. Бұл бағыттағы жұмыс 960 млрд теңгеге жетті. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью