24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанның IT секторы соңғы жылдары айтарлықтай дамып келеді.
Finprom.kz сайтының мәліметінше, 2024 жылы саланың жалпы қызмет көлемі 1 трлн 700 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 25 пайыздан асты. Мәселен, бизнес өкілдері IT қызметтерге 1 трлн 400 млрд теңге жұмсады.
Сонымен қатар саладағы мамандардың да саны артты. Ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейтіндер 200 мыңнан асып, бір жылда 7% өсті. Бүгінде орташа айлық жалақы 818 мың теңгені құрайды. Ең жоғары еңбек ақысы Астанада – 975 мың, Алматыда – 898 мың теңге.