Елде маймыл шешегі ауруы тіркелген жоқ ДСМ

20.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

— Маймыл шешегінің республика аумағына әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы шаралар қабылданды. Республиканың 40 санитарлық-карантиндік бекетінде, оның ішінде әуежайларда (18), теміржол бекеттерінде (5), теңіз порттарында (2), автоөткелдерде (14), «Қорғаста» ерекше қауіпті ауруға күдікті науқастарды анықтау үшін дене қызуы жоғары адамдарды анықтауға арналған қашықтан термометрия әдісімен бақылау күшейтілді. Қазіргі уақытта ел бойынша маймыл шешегіне шалдығу жағдайлары тіркелген жоқ. Жағдай бақылауда, — деп аталып министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Еске салсақ, 2024 жылы Премьер-Министр маймыл шешегіне қатысты әуежайларда бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

Биыл ақпан айында Таиландтан оралған ресейлік 2 азаматтан маймыл шешегі анықталғаны мәлім болды. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью