Елде мал шаруашылығының дамуына не кедергі | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
- Мал шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші салаларының бірі ретінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ауыл халқының табысын арттыруда және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауда маңызды рөл атқарады.
Бұл сала тек ішкі нарықты негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтып қана қоймай, сонымен қатар экспорттық әлеуетті қалыптастырып, ұлттық экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етуі тиіс.
Мемлекет тарапынан соңғы жылдары көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың нәтижесінде мал шаруашылығының өндірістік көрсеткіштері біртіндеп жақсарып, салада оң динамика қалыптасты.
Елімізде мал басы саны артып келеді, яғни ірі қара мал 2,7 пайызға, жылқы малы 6,9 пайызға және түйе 6,3 пайызға артқан.
Алайда, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, мал шаруашылығының орнықты дамуына кедергі келтіріп отырған бірқатар жүйелі проблема бар, - деді Ә.
Бектаев Сенатта мал шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылау кезінде.
Осы орайда депутат малдың өнімділігі әлі де төмен деңгейде екенін айтты.
Читать полностью
Читать новость