Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Кездесу барысында тараптар метан шығарындыларын қысқарту саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Өзара түсіністік туралы меморандум аясында бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Вице-министр Қазақстан үшін метан шығарындыларын азайту мемлекеттік климаттық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Елде халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде Жаһандық метан міндеттемесін және жаңартылған Ұлттық анықталған үлесті іске асыру шеңберінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Тараптар Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу, MRV жүйесін дамыту, заманауи технологияларды енгізу және Ұлттық метан кеңсесін құру мәселелерін талқылады. Қазіргі ынтымақтастық мұнай-газ және көмір секторларына бағытталған, алайда Қазақстан өзара іс-қимылды ауыл шаруашылығы мен қалдықтар секторына кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.
Марсело Мена өз кезегінде Global Methane Hub тарапынан Қазақстанның бастамаларын қолдауға және ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар климаттық мақсаттарға қол жеткізу жолында серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.
Айта кетелік Қазақстан мұнай-газ саласында метан шығарындыларын азайту шараларын күшейтуге ниетті.