Елде мобильді базалық станциялардың 20% ы алынып тасталды

18.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елде ұялы байланыс станцияларының саны азайды. Бұған тұрғындардың талап-тілегі себеп болған.

Бұл жағдайға ең әуелі сала мамандары алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені базалық станциялар азайған сайын мобильді байланыстың сапасы да төмендейді. Мамандардың пайымынша, телефон базалық станциядан алыс орналасқан сайын сәулелену деңгейі керісінше артады. Ал станциялар жиі орналасса, сәулелену көрсеткіші төмендейді. Осы мәселеге байланысты бүгін Астанада радиотолқындардың адам ағзасына әсері тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сарапшылар радиофобия, яғни радиосигналдан қорқу қоғамда кең таралғанын атап өтті. Дегенмен олар базалық станциялардың көбеюінен қорықпауға шақырды. Мамандардың мәліметінше, бұған дейін базалық станциялар орналасқан аумақтарда ауру-сырқаудың артқаны тіркелмеген.  Қазір елімізде 3 мыңнан астам базалық станция жұмыс істейді. Алдағы жылдары олардың саны тағы 500-ге артады.  

Гүлсая Нұржаубаева, Astana IT University жанындағы ғылыми- зерттеу орталығының өкілі:

- Біз ғылым жүзінде радиотолқындар мен радиацияларды ажырата білуіміз қажет. Радиация ол адамның ағзасына кері әсерін тигізнді ДНК сын өзгертеді ал радиотолқындар олар ешқандай әсер етпейді. Егер базалық станциялардың барлық күшін қосса онда ол базалық станциялардан тек жылу эфектісін ғана бақылай аламыз. Ол жылу эфектісі адам ағзасына бас айналдыру мүмкін негізінде базалық станциялар ондай жоғары қуатта жұмыс жасамайды. Оның барлығы базалық станцияны орналастырып отырған операторлар мен мемлекеттік оргондар тарапынан қадағалан.

Авторы: Асылжан Құрманғали 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью