Елде қай салада жұмысшы көп статистика

23.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Ұлттық стаитстика бюросы жұмысшылар саны қай салада көп екені туралы деректі жариялады.

2025 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде:

7,2 млн – жалдамалы қызметкерлер (77%)

2,1 млн – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%)

Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:

сауда – 17%

білім беру – 13,2%

өнеркәсіп – 12,5%

ауыл шаруашылығы – 10,3%

көлік және қойма – 7,2%

құрылыс – 6,8%

денсаулық сақтау – 6,6%

2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты. Өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью