Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Олардың 1 732,8 мыңы — жұмыс істеп тұрғандар (жалпы саннан 96,5%).
Салалар бойынша дара кәсіпкерлер саны көтерме және бөлшек сауда саласында ең көп тіркелген — 667 мың бірлік (37,1%), сондай-ақ басқа қызмет көрсету — 258,2 мың және ауыл шаруашылығында саласында — 249 мың бірлік. Дара кәсіпкерлер саны мемлекеттік басқару саласында ең аз — барлығы 151 бірлік.
Дара кәсіпкерлердің негізгі бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда шоғырланған — 35,5%. Дара кәсіпкерлердің көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында тіркелген: тиісінше 288,7 мың және 204,3 мың. Үштікті 196,2 мың дара кәсіпкері тіркелген Түркістан облысы түйіндейді. Дара кәсіпкерлердің ең аз саны Ұлытау облысында — 16,1 мың бірлік.
Барлық тіркелген дара кәсіпкерлердің 39,1% иесі 35 жасқа дейінгі тұлғалар. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің үлесі — 50,4%.
Айта кетелік жеке кәсіпкерлер үшін оңайлатылған салық режимі қалай өзгергені туралы жазған едік.