Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Ұлттық статистика бюросы елдегі құрылыс жұмыстарына қатысты деректерді жариялады.
2026 жылдың қаңтарында құрылыс жұмыстарының көлемі 14,4% ұлғайып, 172 млрд теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы тұрғын үйлер мен ғимараттар салу және жөндеу жұмыстарының өсуімен байланысты болып отыр. Олар сәйкесінше 2,2 есе мен 57,8%-ға ұлғайған.
"Орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша негізгі үлес автомобиль, темір жол және метро ( жұмыстардың барлық көлемінің 30,1%-ы), тұрғын емес ғимараттар (19,2%) және тұрғын ғимараттар (11,4%) құрылысы жұмыстарына тиесілі", +- деп жазылған хабарламада.
Елде 2026 жылдың қаңтарында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 1291,8 мың шаршы метрді құрады.
Оның ішінде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы бір жылда 42,4% көбейіп, 1 091 мың шаршы метрді құрады. Ондағы 727,6 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 359,8 мың шаршы метр жеке үйлерге қатысты.