Елде SIM карта алудың талаптары күшейді

07.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әр SIM-карта нақты бір адамға тіркелуі керек. Байланыс картасын бұрынғыдай дүкеннен сатып алуға болады.

Бірақ оны іске қосу үшін бет-әлпетті тану арқылы тіркелу қажет.

Смартфоны барлар мұны оператордың қосымшасы арқылы жасай алады. Ал интернеті жоқ немесе батырмалы телефон ұстайтындар байланыс орталығына барып тіркеледі.

Жаңа ереже бойынша бір адам ең көбі 10 SIM-карта ғана ала алады.

Бұл өзгеріс интернет-алаяқтықты азайту үшін енгізілді. Себебі соңғы уақытта алаяқтар тіркелмеген нөмірлерді жиі пайдаланған.

Мәселен, өткен айда Алматыда Ресей азаматы 300 SIM-картамен ұсталды. 

Айта кетелік өткен жылы 90 мыңға жуық SIM-карта тәркіленген еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью