Елде спорттың дамуы жаңа кезеңге өтті

30.01.2026

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Елде спортты дамыту жайы жаңа кезеңге өтті.

Былтыр «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдағы маңызды өзгерістер күшіне енді. Бұл түзетулер спортты басқаруды күшейтіп, ұлттық мүддені қорғауға бағытталған. Бұл жайында туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды. Жаңашылдықтарға сәйкес, енді көк паспорты жоқ спортшылар бюджеттен қаржыландырылмайды. Спорттың басым түрлері нақты бекітіліп, федерацияларға қауіпсіздік талаптары күшейтілді. Сонымен қатар мемлекеттік спорт ұйымдары басшылары ротацияланады. Жалпы елде 8,5 млн адам спортпен тұрақты айналысады. Бұл халық санының 44,5 пайызы. Енді 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға дейін жеткізу көзделген. Жыл сайын 25 мыңнан астам бұқаралық спорт шарасы өтіп, оған 1,2 млн адам тартылады. Инфрақұрылым да жақсарып келеді. Мәселен, былтыр 147 спорт нысаны ашылды. Алдағы 2 жылда тағы 86 нысан салу жоспарланған. 7 футбол клубы, жекенің қолына өтіп, 55 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:

- Өткен жылы қазақстандық спортшылар ірі халықаралық ареналарда бірқатар тарихи жеңістерге қол жеткізді. 2025 жылдың ақпан айында Қытайдың Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 4-орын иеленді. Бұл жарыста шорт-тректен Қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль ел қоржынына түсті. Дзюдодан  әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы тарихи финал және күміс медальді атап өткім келеді. Сонымен қатар бокстан World Boxing ұйымының алғашқы әлем чемпионатында ұлттық құрама медальдік есепте 1-орынды иеленді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью