Елде ветеринариялық зертханалардың әлеуеті күшейтіледі

28.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Құжат саланы жүйелі жаңғыртуға бағытталған және ветеринариялық бақылаудың заманауи әдістеріне көшуді, инфрақұрылымды ауқымды жаңартуды көздейді. Жоспарды іске асыру елдің биологиялық қауіпсіздігін нығайтып, экспортты дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Отырысқа ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты.

Жоспар жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленіп, оған мемлекеттік органдар, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ ветеринариялық препарат өндірушілер қатысқан құрылымдық топ белсене қатысты. Барлығы 30 отырыс өткізіліп, 369 ұсыныс қаралды. Сонымен қатар құжат «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланып, тиімді ұсыныстар назарға алынды.

Кешенді жоспар сегіз негізгі бағытты қамтиды. Олар: жануарлардың саулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігі, зертханалық әлеуетті нығайту, экспорттық нарықтарды кеңейту және ішкі нарықты қорғау, мемлекеттік реттеуді жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту, ветеринарияны цифрландыру және ветеринариялық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту.

Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі саласында техникалық базаны одан әрі нығайту жоспарланған. Өткен жылы 70-тен астам қалдық зат түрін анықтауға мүмкіндік берген тоғыз заманауи сұйықтық хроматографы сатып алынған, қосымша тағы 54 зертханалық жабдық бірлігін алу пысықталуда. Өнімнің «фермадан сөреге дейін» қадағалану қағидатын енгізу жалғасады, оның ішінде ветеринариялық сараптаманы цифрландыру және сою нысандарында таңбалау қарастырылған.

Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталыққа құтыру бойынша ФАО зертханасының және бруцеллез бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) халықаралық зертхана мәртебесін беру, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік функцияларын кеңейту және аудандық зертханаларды күшейту көзделген.

Экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында шекарадағы ветеринариялық бақылауды күшейту мақсатында малды тексеруге арналған арнайы аймақтар құру және ілеспе құжаттарға қойылатын талаптарды арттыру жоспарланған.

Кадрлық қамтамасыз ету де басты назарда. Бұл ретте білім беру бағдарламаларын жаңғырту, мамандардың біліктілігін арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту қарастырылған.

Цифрландыру толық қадағалану жүйелерін енгізуді, RFID сәйкестендіруге көшуді, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді ЕАЭО және ЕО елдерімен интеграциялауды қамтиды.

Жалпы алғанда, Кешенді жоспарды іске асыру тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз етуге, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, зертханалардың аккредитациясын кеңейтуге, саланың кадрлық және техникалық әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ ішкі нарықта және экспорт кезінде өнім сапасын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері жоспарды табысты іске асыру, инфрақұрылымды дамыту және бизнеспен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Отырыс қорытындысында Қоғамдық кеңес мүшелері құжатты қолдап, мақұлдалды. 

Айта кетелік 11 өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтандыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью