Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 24 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде Астанада жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
"Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселені мұқият пысықтап, нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын. Жуырда біз елімізде толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Соның ішінде елорда әуежайына қатысты жұмыс та бар", - деді президент.
Тоқаев бірақ Қазақстанда өндірілетін авиа жанармай көлемі жеткіліксіз екенін айтты. Осы жағдай авиахабтарды дамытуға кедергі болуы мүмкін.
"Сондықтан үкімет авиа жанармай өндірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бәлкім, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек шығар. Оның артықшылығы да, кемшін тұстары да бар", - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы үкімет осыған қатысты өз ұстанымын айқындап, нақты шешім қабылдауы қажет деп мәлімдеді.