24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Елде ұзындығы жүздеген шақырым болатын инженерлік желі мен электр қуатын тарататын бағаналар салу керек.
Президент жуырдағы сұхбатында осыны баса айтты. Жалпы, энергетикалық және коммуналдық нысандарды жаңғырту бағытында ілкімді істер баршылық. Бұл жұмыстардың нәтижесінде қауіпті жылу электр станцияларының саны 19-дан 10-ға дейін қысқарды. Десе де әбден тозып, әупіріммен әрең тұрған инфрақұрылымды қалпына келтіру жеткіліксіз. Осы себепті Мемлекет басшысы жұмыс тәсілін өзгертуді тапсырды. Яғни, елде тарифтерді көтеру арқылы тиімді әрі әділ экономика құруға қадам жасалады. Мемлекет басшысының айтуынша, салаға инвестиция салу үшін қолайлы жағдай туғызып, нарықтық тетіктер қалыптастыру маңызды.